• Басты
  • /
  • Колледж
  • Колледж

    «Қаржы академиясы» АҚ колледжінің тарихы (бұрынғы Целиноград қаржы-экономикалық колледжі, Ақмола қаржы-экономикалық колледжі) Қазақстан Республикасының тарихымен, оның мәдениетімен, білімімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының мамандандырылған оқу орындарының бірінің қалыптасуында, дамуында мынадай кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

    1965 жыл – Бірінші қыркүйекте алғашқы 450 оқушы оқытыла бастаған типтік оқу-зертханалық корпус пайдалануға берілді.

    1969 жыл- 630 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

    1997 жыл - техникум колледж болып қайта құрылды.

    1999 жыл - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.1999 жылғы №20 қаулысымен колледж "Ақмола қаржы-экономикалық колледжі"республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта қабылданды.

    2006 жыл - сапа менеджменті жүйесіне сертификаттық аудит жүргізілді, оның нәтижесінде сербиялық сертификаттау органының "EVROCERT', қазақстандық сертификаттау органының "EUROASIA MS", австриялық сертификаттау органының "IQS", халықаралық сертификаттау органының "IQNet"орта кәсіптік білім беру бағыттары бойынша білім беру қызметтерін көрсету саласында сертификаттар алынды.

    «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» акционерлік қоғамы академияның құрамына құрылымдық бөлімше ретінде кірді.

    "Қаржы академиясы" АҚ дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметінің басым бағыты академиялық персоналдың әлеуетін дамыту, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу үшін жағдай жасау, ресурстық қамтамасыз етуді және басқару процесін жетілдіру арқылы іске асырылатын мамандарды даярлау сапасын арттыру болып қалды.

    2016 жылы колледж АРТА стандарттары бойынша институциялық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

    56 жылдық тарихында колледж техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша 33 мыңнан астам маман даярлады.

    Колледж қызметіндегі негізгі жетістік дуальды оқыту жүйесін енгізу болып табылады. Оқу процесін реформалау шеңберінде жаңа нормативтік база қалыптастырылды, әдістемелік қамтамасыз ету әзірленді.

    2019 жылы «Атамекен» ҰКП тіркелген Оқу орталығы ашылды.

    2020 жылы колледж базасында «Прототиптеу» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Нұр-Сұлтан 2020 қалалық чемпионаты өткізілді. Колледж студенттері жыл сайын чемпионатқа 9 құзыреттілік бойынша қатысады.